Қордай
Қордай
Қонаев атындағы мектеп-гимназия жанындағы №2 балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының үйірмесіне қатысушы бір топ оқушы Тараз қаласына саяхат жасады. Олар облыс орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тұрғызылған жаңа ескерткіштер мен тарихи орындарды, тарихи-өлкетану мұражайын, бұрынғы «көк базар» алаңындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысын және қаланың көрікті орындарын тамашалап қайтты.