Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай мәдениет және өнердегі «Үздік аудан-2015» байқауы бойынша Шу ауданының мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Осы орайда, облыс басшылығы тарапынан Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне «Газель» автокөлігі сыйға тартылды. Аудан әкімі Рүстем Дәулет аудандық Мәдениет үйінің директоры Назира Омароваға салтанатты түрде көліктің кілтін табыс етіп, құттықтау тілегін жеткізді. Бұл шараға атақты күйші-компазитор Әбдімомын Желдібаев қатысып, әріптестерінің қуанышына ортақтасты.