Доллар 345 теңгеге түсті
Доллар 345 теңгеге түсті
Қазақстандық қор биржада күндізгі сауда аяқталды. Нәтижесінде доллар бағамы 345,53 теңгені құрап отыр.
АҚШ долларының T+0 есебімен теңгеге шаққандағы орташа сараланған бағамы долларына 345,53 теңгені құрады. Сауда көлемі – 63 600 мың АҚШ доллары”, – делінген KASE сайтында.
Күндізгі сессияның минималды бағамы долларына 340 теңге деңгейінде тұрақтады. Максималды бағам – долларына 349,50 теңге. Жабылу бағамы – долларына 347 теңге.
Алматының айырбас нүктелерінде доллар 342-346 теңгеден сатылып жатыр. Алайда банктердің көбісі бағамды 350 теңгемен ұстап тұр.