Словения халқы біржынысты некені заңдастыруға қарсы шықты
Словения халқы біржынысты некені заңдастыруға қарсы шықты
Словенияда өткен референдумда ел жұртшылығы біржынысты некені заңдастыруға қарсы дауыс берді.
Сайлауком бюллетеньдердің 99%-ын өңдей келе, біржынысты жұптарға жанұясын заңдастыруға рұқсат беру туралы сұраққа сайлауға қатысқандардың 63,42%-ы қарсы дауыс бергенін мәлімдеді.
Сайлауға қатысқандардың қарасы көп болған жоқ – дауыс беру урналарына тіркелген сайлаушылардың 35,65%-ы ғана келді.
Осы жылдың наурызында Словения парламенті елде біржынысты некеге рұқсат беруді қолдап дауыс берген болатын. Алайда осы пікірдің қарсыластары заң жобасының референдумға шығарылуына қол жеткізді.
Қазіргі уақытта біржынысты некеге 18 елде рұқсат етілген, оның 13-і – Еуропада.