Әдебиет

«Арайым»- айбыным!

«Арайым»- айбыным!

Өмірімдегі байлығым, Өткен мұнда әр күнім. Мен үшін биік, бағалы, «Арайым» – менің айбыным! Жол ашылды дарынға, Үміттің жақтың шамын да. Жастардың үні естілді, «Арайдың» әр санында. Ойладың жастың қамын да, Кетпедің жеңіл сарынға. Өткен ізім жүр менің, «Арайдың» әр санында. Көңіліңде көктем жүр, Жас жүрекке сепкен нұр. Жүзе берші ақпарат Айдынында мөп-мөлдір! Сенің де сөзің – шын асыл, Жастардың жанын ұғасың. Алғашқы әнім – «Арайым», Жүрегімде әркез тұрасың. Облысқа кең тарады, Жастарды қолдап жарады. «Арайым» – менің айбыным, Жалпының үнпарағы. Жырлады биік елді де, Тау мен тас, өзен, көлді де. Жалынды жастар газеті, Атқарған ісің мол, міне! Жазсам да болар мол дастан, Мен үшін «Арай» – алғашқы ән. Жастығымның жарқын сәттері, «Арайым» менің он жаста. Бөлеген нұрға маңайын, Ризамын саған, «Арайым»! Жүз жастан әрі аса бер, Табысқа жетіп толайым!

Есет Досалы, ақын.