Жаңалықтар

«Домалақ үстелге» бара жатырмыз»

«Домалақ үстелге» бара жатырмыз»

Фототілші Алтынбек Қартабаев газет тілшісімен бірге облыс әкімдігіндегі бір «дөңгелек үстел» жиынына барады. Жиналыс жаңадан басталып кеткен екен, бұл кісілер 5 минуттай кешігеді. Есіктегі күзет қызметінің өкілі «арайлықтарды» ішке жібере қоймайды. Сонда аңғал, ақкөңіл Алтекең: – Жігіттер, біз «домалақ үстелге» келдік. Онсыз да кешігіп жатырмыз, жібере беріңіздерші, – депті. Күзетші әуелі: «Домалақ үстел» дейсіз бе, а-ааа, иә, жиналыс қой, «дөңгелек үстел» десеңізші», – деп, бұл кісілерді ішке қарай өткізіп, өзі күлкіге көміліп қала беріпті.