Әлеумет

Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!

Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!

Халқымыз Тәуелсіздік мейрамын барлық мереке­лердің бастауы деп есептейді. Ел еңсесінің биік, Тәуелсіз­дігіміздің мәңгілік болғанын қалайды. Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдар­ламаны тамашалауға «Достық» алаңына жиналған жұртшы­лықтың тілегі де осы еді.

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты мерекелік кеш «Ақкербез» би ансамблінің «Дала еркелері» биімен ашылды. Облыстық филармония әншілері «Ұлы Дала елі – Қазақ елі» әнін шырқап, мерекелік шараны қыздыра түсті. Сазгер, әнші Нұрлан Еспановтың «Қазақстан» әнін Әлішер Болтаев нақышына келтіре орындады. Қазақстан эстрадасы әншілерінің арасында өзіндік ән орындау стилімен танылған «Алашұлы» тобы патриоттық әндерді әуелетті. Көпшілік көңілін баурай түсті. Сонымен қатар, өңіріміздің жұлдызды жұбы «Әдемі-ай» дуэтінің орындауындағы сырлы әндер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Концерттік бағдарлама «Елім менің» әнімен түйінделді. Мерекелік отшашулар түнгі Тараздың аспанын қызылды-жасылды бояуларға бояп, жұлдыздар жамырап шыққандай әсер қалдырды.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».