Денсаулық

Такси жүргізушілеріне дөрекі музыка қоюға тыйым салынды

Такси жүргізушілеріне дөрекі музыка қоюға тыйым салынды

20151218084751Кения билігі тазалық пен жеке гигиенаны сақтамайтын такси жүргізушілеріне айыппұл салуды көздейтін заң қабылдамақ.

Атап өткенде, лас көрінетін, сондай-ақ көліктің ішінде темекі шегіп, түкіріп отырған жүргізушілерге 300 доллар көлемінде айыппұл салу көзделіп отыр. Бұдан басқа, ел билігі жүргізушілерге дауысы тым қатты шығатын немесе дөрекі музыканы қосуға тыйым салды.

Осы шаралардың барлығы көліктің нашар жағдайы: терезенің ашылмауы, көліктің ішінде кілемшелердің болмауы немесе отыратын жердің тозуына байланысты салынатын айыппұлдан бөлек енгізіліп отыр.