Денсаулық

IQ көрсеткіші Эйнштейннен де жоғары қыз бала Оксфордқа шақырту алды

IQ көрсеткіші Эйнштейннен де жоғары қыз бала Оксфордқа шақырту алды

65Сынақ нәтижелері бойынша, IQ көрсеткіші Альберт Эйнштейн мен Стивен Ховингтан да жоғары болған британдық қыз бала Николь Барр (Nicole Barr) Оксфорд университетінде білім алуға шақыру алды, деп хабарлайды РИА Новости.

The Daily Mail-дың хабарлауынша, он үш жасар Барр медицинаны зерттеуді жоспарлап отыр. Екі жасында санауды үйренген ол тоғыз жасында күрделі алгебралық есептерді шығара алған.

Басылымның атап өтуінше, бұл ретте Барр сабақтан жиі қалып отырған.

Mensa тестінің қорытындылары бойынша, қыз баланың IQ көрсеткіші 162-ні көрсетті, бұл ретте ересек адамның IQ орташа көрсеткіші 100-ді құрайды.