ДЕНСАУЛЫҚ: Газдалған су демікпеге, эпилепсияға себепкер болады
ДЕНСАУЛЫҚ: Газдалған су демікпеге, эпилепсияға себепкер болады
Адам ағзасының 70 пайызы судан тұратынын жақсы білеміз. Бірақ, әр адам су тепе-теңдігін өз қалауынша ұстайды. Кейбіреулер бірнеше кесе какао, кофе немесе шай ішкенді жақсы көреді. Ал кейбіреулер үшін салқын сыра мен сок немесе газдалған судан артығы жоқ.
Алайда, сіз ішетін судың сапасы белгілі бір дене мүшелердің ғана емес, толық ағзаның да жұмысын баяулатуы мүмкін.
Үлкендер ғана емес, кішкентай балалар да бас тартпайтын газдалған су ағзаға аса қауіпті. Газдалған суды ішпеуге 4 себеп
Бірінші себеп - тез салмақ жинайсыз. Газдалған су ағзаға жылдам әсер етеді. Өйткені, өндірушілер газдалған суға қанттың көп мөлшерін қосады.
Яғни, газдалған судағы қанттың мөлшерін анықтау үшін 0,3 литр суға он алты қасық қант саламын деп елестетіңіз. Айта кету керек, бұл адамның күнделікті нормасынан бірнеше есе көп.
Екінші себеп - диабет туындауы мүмкін. Бір рет газдалған сусын ішсеңіз, ұйқы безі дереу инсулин бөліп, қант сол бойда қанға сіңіреді. Мұндай кезде адам ағзасындағы заталмасу процесі бұзылады. Нәтижесінде, қант диабеті пайда болады.
Үшінші себеп - химиялық қоспалардың болуы. Газдалған судың зиян екенін түсіну үшін органикалық заттарға тәжірибе жасап көруге болады. Сол кезде сіз заттардың қалай бұзылатынын көре аласыз.
Тағы бір анығы, газдалған сулардың құрамында күкірт қышқылы бар. Бұл қышқыл бас ауруды, ракқа себеп болатын бауырдың ауыруын күшейтеді. Бұдан бөлек, газдалған су құрамына натрий бензоаты, фосфор қышқылы, аспартам мен бояғыш заттар енеді. Бұл элементтер тіс пен сүйектер үшін зиянды. Сонымен қатар, мидағы ісіктің пайда болуына, астмаға, эпилепсияға және аллергияға себепкер болады.
Төртінші себеп - кофеиннің жоғары деңгейі. Газдалған сусындар адамның физикалық белсенділігін арттыра түседі. Бұл үшін қанттан бөлек, үлкен көлемде кофеин қосатынын да ұмытпаңыз. Мұндай шырынды ішкен соң, қан қысымы көтеріліп, көздің қарашығы кеңейеді. Мұндай фактордардың барлығы алдағы уақытта адам денсаулығына үлкен кінәраттар әкеледі. Мәселен, холестерин көлемі артады, жүрек және қан тамырларында аурупайда болады. Сондай-ақ, ұйқысыздыққа ұшырайсыз.
Газдалған шырындардың тек қана тәтті болып қоймай, минералдармен байытылатынын да ұмытпаңыз.