Денсаулық

ҚР Президенті еңбек өнімділігі, экспорт көлемі және инвестициялар тарту көрсеткіштеріне ерекше мән беруді тапсырды

ҚР Президенті еңбек өнімділігі, экспорт көлемі және инвестициялар тарту көрсеткіштеріне ерекше мән беруді тапсырды

20151211171024Индустриалды-инновациялық  дамудың мемлекеттік бағдарламасын өзгерген жаһандық трендтер негізінде өзектендіру маңызды. Бұл туралы бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Индустриалды-инновациялық  дамудың мемлекеттік бағдарламасын өзгерген жаһандық және ішкі трендтер негізінде өзектендіру маңызды. Атап айтқанда, индикаторлар көлемін қысқарту керек. Жолдауда атап өткенімдей, бізде басты көрсеткіштер үшеу ғана, яғни еңбек өнімділігі, экспорт көлемі және инвестициялар тарту»,-деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы үш көрсеткішке назар аударып, осыларды талап етіп, бұл тұрғыда тиісті бағалау жүргізу керектігін тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі жалпыұлттық телекөпір барысында Н. Назарбаев еліміздің өңірлеріндегі бірқатар жаңа жобаларды іске қосты.