Телекөпір барысында қосылған жобалар ел экономикасына қосымша 270 млрд. теңге кіріс әкеледі - ҚР Президенті
Телекөпір барысында қосылған жобалар ел экономикасына қосымша 270 млрд. теңге кіріс әкеледі - ҚР Президенті
Телекөпір барысында қосылған жобалар ел экономикасына қосымша 270 млрд. теңге кіріс әкеледі. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бүгінгі телекөпір барысында біз 16 жобаның іске қосылғанын бақыладық, оларда 3300 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады», - деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтарды жаңа жұмыс орындарымен құттықтады.
«Олар Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің 8 басымдықты саласында жүзеге асырылып отыр. Екі кәсіпорынның әрқайсысы жыл сайын орташа есеппен 81 млрд. теңгенің өнімін өндіретін болады. Ең төменгі есептеулердің өзінде бұл жобалар біздің экономикамызға қосымша 270 млрд. теңге кіріс әкеледі», - деді Н.Назарбаев.