Денсаулық

Түркістанда 20 жастағы студент өзін өртеп жіберді

Түркістанда 20 жастағы студент өзін өртеп жіберді

туркестанТүркістанда 20 жастағы студент өзін-өзі өртеп жіберді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«7 желтоқсан күні шамамен сағат 23.00-де Түркістан ІІБ-ның кезекші бөліміне аудандық емханаға күйікпен 20 жастағы жігіттің келіп түскені турады хабар түсті. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер зардап шегушінің 1995 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген студент екенін анықтады. Жігіттің өрттен денесінің 90 пайызын күйік шалған», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Соталды тергеу жұмыстары басталып Қылмыстық кодекстің 105 бабы “Өлімге итермелеу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала тергеу барысында жігіттің әкесі иттің үргенін естіп сыртқа шыққанын айтқан. Ол аулада ұлы өртеніп жатқанын көріп, өртті сөндіруге тырысқан. Өртті өшіргеннен кейін ер кісі ұлын емханаға алып барған. Ол соңғы кезде отбасында ешқандай кикілжің болмағанын және ұлы өзін өртейтіндей өзгелермен жанжалды жағдайды байқамағанын алға тартты.