Денсаулық

2016 жылдың ортасына дейін зейнетақы қорлары активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленеді

2016 жылдың ортасына дейін зейнетақы қорлары активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленеді

201511231306292016 жылғы ортасына дейін зейнетақы қорлары активтерін қазақстандық немесе шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленетін болады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыру мақсатында зейнеткерлік активтерді инвестициялау тәсілдері қайта қаралатын болады және 2016 жылғы ортасына дейін зейнетақы қорлары активтерін қазақстандық немесе шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленетін болады», - деді Е. Досаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп экономиканы долларсыздандыру және корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамытуды, сондай-ақ биржалық сауданы теңгелей қаржы құралдарымен ынталандыруды, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларын және олардың жарнамасындағы бағаларын тек ұлттық валютада белгілеу мен көрсетуді қоса алғанда теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады.