Г. Әбдіқалықова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚХА-ның «Үлкен ел - Үлкен отбасы» атты форумына қатысты
Г. Әбдіқалықова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚХА-ның «Үлкен ел - Үлкен отбасы» атты форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекеттік хатшы сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындыларын шығаруға арналған Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - Үлкен отбасы» атты форумына қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы К.Көкірекбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА және өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты.
Г.Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде бұл кездесу Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы жарияланғаннан кейін өткізіліп отырғанына тоқталды. Жолдаудың 2015 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында жариялануының да терең символдық мәні бар екенін айтты. Сонымен қатар Ассамблея жылында және Конституцияның 20 жылдығында жарияланған бұл Жолдау да мерейтойлық жиырмасыншы Жолдау болып отыр.
Форумның басты міндеті - Бес институционалдық реформаны, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру ісіндегі халықтың азаматтық белсенділігін арттыру. Форум барысында ҚХА жылының қорытындылары шығарылып, қайырымдылық жасаушыларды, меценаттарды, ҚХА жылының басында қолға алынған республикалық жобалар мен конкурстардың жеңімпаздарына құрмет көрсету рәсімі өтті.
Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 2 мыңға жуық іс-шара өткізді, оған 665 мыңнан астам адам қатысты. Мәселен, «ҚХА - 20 ізгі іс» акциясы барысында 120 мыңнан астам адамның қатысуымен 800-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл ретте акция аясындағы әлеуметтік жобалардың жалпы құны 1,3 миллиард теңгеден асты.
Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.