Қазақтар ауыр сырқатын түйенің зәрімен емдеуді бастады
Қазақтар ауыр сырқатын түйенің зәрімен емдеуді бастады
Естімеген елде көп демекші соңғы уақытта түйенің зәрін емдік үшін ішіп, дертінен құлан таза айыққан отандастарымыз жайлы естіп жүрміз. Біреулер – мұны «сандырақ» десе, енді бірі –«алаяқтардың ойлап тапқаны» деген сынды түрлі пікір айтуда.
Расында да түйенің зәрі дәрі ме әлде жалған сенім бе екенін білу үшін NUR.KZ тілшілері Алматы облысында орналасқан түйе фермасында болып қайтты. Себебі мұндағы шаруалар күн сайын өркешті жануардан сүт қана емес, оның зәрін жинаумен айналысады.
Түйеші Өтеміс Мақанның шаруақожалығында қазір 200 ден астам бір өркешті нар бар. Оның күн сайын 28 сауынға байланса, 50-шақтысы зәр алу үшін өсіріліп жатыр.
Өтеміс Мақан: «Осыдан 4жыл бұрын маған алматылық тұрғын хабарласып, түйенің зәріне тапсырыс берді. Басында мен мұны келемеж деп қабылдадым. Ақысын төлеймін деп қоймаған соң күн сайын 1 литрдtн түйенің зәрін жеткізіп отырдық. 1 айдан соң басқа адамдар хабарласып, осындай тапсырыс бере бастады. Бұлардың бәріне не болған деп сұрасам6 нардың зәрін онкологиялық ауруға қарсы ішетіндерін айтты. Тіпті 3- айдан соң сол клиенттер келіп, алғысын айтып құлан таза жазылғандарын жеткізді».
Шаруа сүт пен зәр жинау үшін түйенің бір өркешті «Аруана» деген түрін өсіреді. Себебі, ол ең жуас нар. Сауын кезінде түйелерді ешкім айдап, ноқталап әуре болмайды. Сауыншылар нардың атын айқайлап шақырса, бір қорадан ботасы, бір қорадан анасы суырылып шығып, тұра қалады. Мұндағы түйелердің аттары да қызық. Үнді және түрік сериалдарындағы кейіпкерлер «Ананди», «Тапаси» және «Вандамм» деген сынды жұлдыздар мен сериалдардың кейіпкерлерінің де есімі берілген.
Шаруаның сөзінше, дәрілік мақсатта қолданылатын зәрді де, сүтті де арнайы жолмен жинайды. «Емдік зәр – боталамаған, 1-2 жастағы жас түйелерден ғана алынады. Жайылымға жіберіп, кешке барлығын шөктіреміз. Таңертеңгісін олар орнындарын тұрғызып зәрін жинаймыз. Бір түйеден 600 грамм, кейбірінен 1 литр аламыз. Барлық зәрді тапсырысқа қарай жинаймыз. Қазір күніге 25 -30 литра дейін зәрге тапсырыс бар», – дейді Өтеміс Мақан.
Қант диабетіне шалдығып, бүйрегінің жұмысы бұзылып, сырқаттанғандардың бірі Ақгүл Омарова 2 жылға созылған дертінен түйенің зәрін ішіп 1 айда айыққанын айтады.
«Туыстарымның кеңесімен, жазда 10 күндік түйенің зәрін ішу курсынан өттім. Күн сайын аш қарынға 200 гр түйенің сүтіне 3 ас қасық зәрді араластырып, ішке қабылдап, сосын 2 сағат бойы тамақ ішпеу керек. Осылайша бір тәулікте 3 уақыт 660 грамм зәр араласқан сүт іштім. Тура бір айдан соң медициналық тексеруден өтіп едім, дәрігерлердің өзі таң қалды. Менің қант диабетім 2 группа болатын, тексеруден соң қанның толық тазарғанын айтты. Сонымен қатар бүйрегімдегі құмда жоғалып кетіпті», – дейді Ақгүл Омарова.
Түйе зәрімен емделіп, жазылып кеткендердің қатары мұнымен шектелмейді. Бауыр циррозына шалдығып, асқазан, өт жолдарының қабынуы, ішектегі жараларды емдеген талай адам дертінен айыққан. Жалпы түйе зәрімен емдеу араб елдерінде дамыған екен. Тіпті, зерттеу жүргізген дәрігер онда ауруға қарсы антибиотиктың барын анықтаған және бірнеше қажетті дәрумендер мен минералды заттардың барына көз жеткізген.
Түйе зәріне зертханалық талдау жасау нәтижесінде 1 литр түйе зәрінің құрамында мынадай заттектер барын анықтаған:
10 грамм протеин (ақуыз) 27 грамм азот 7 грамм альбумин (нәруыз) 10000 мг несіпнәр 29 мг креатин 245 мг зәрқышқылы 108 грамм креатинин 248 мг натрий 8000 мг калий 12 мг кальций 246 микрограмм магний 59 микрограмм мыс 58 микрограмм темір 22 микрограмм мырыш
Қазір Қазақстандағы ерекше емдеу жұмысын жапондық ғалым, профессор Сатоми Иши зерттеп жатыр. Ол жаз кезінде Алматы облысындағы шаруақожалықтарда болып, түйе сауып үйреніп, сүтін ішіп, өзіне тәжірибе жасап көрген.
Ал отандық дәрігерлер болса, емдеудің бұл түрін естігендері болмаса ашып артық ештеңе айтпайды. Осыған қарап, фермерлер қазақ ғалымдарының түйе зәрімен емдеуге ғылыми зерттеу жүргізсе деген ұсыныстары бар. Себебі халық емді әзірге өз білгендерінше жасап жүр. Ал зәрге деген сұраныстың артуына орай елімізде осы бизнесті қолға алып, түйешілердің саны да артып келеді.
Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.