Ақтөбе тұрғыны өзін тірілген Гитлер деп санайды (фото)
Ақтөбе тұрғыны өзін тірілген Гитлер деп санайды (фото)
Ақтөбе тұрғыны Самат Айтқұлов (оның әлеуметтік желідегі парақшасына сенетін болсақ) өзін тірілген Адольф Гитлер санайды. Ол өзгелерді “адал еместерді” өлтіруге шақыруда.
«ВКонтакте» желісінде жігіт өзін Rudolf Schicklgruber деп атап жүр. Өзін әртіс әрі режиссер деп таныстырған азамат Гитлер 1945 жылы қайтыс болып, өз денесінде 1991 жылы қайта туылды деп мәлімдеуде.
Мұнда ол қарулардың жүйелерін, фашистердің заңдылықтарын, түсініксіз графикалар мен өзі сұхбат беріп тұрғандай етіп «Фотошоппен» өңделген «Бірінші арнаның» кадрларын жариялаған. Айтқұлов-Гитлер тақырыбының төңірегінде бірталай «Фотошоппен» өзгертілген коллаждарды жасауға ерінбеген. “Фашистің” электронды поштасында да Terror сөзі кездеседі.
Ақтөбелік сеніміне берілгені соншалық, келесі ақылға қонымсыз сөздерді жария еткен: «Өз ұлттарыңды қорғаңдар, егер сіздің қызыңыз, әпкеңіз өзге ұлтпен жатып шықса, оны өлтіріңдер. Олар өлім жазасын алуы тиіс, өз ұлттарыңның қанын бұзуға жол бермеңдер…».
Жігіт Владимир Путиннің қисынсыз карикатураларын да жүктеген. «Негрлер» болмағанда, нәсілшілдік те болмас еді деп санайтын Айтқұловты құқық қорғау органдары да назарына алып үлгерген.
Оның бұл қылықтары Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес, қылмыстар қатарына жатқызылуда.