Экономика

Д. Сүтемгенов: Интеграцияның келесі қадамы – Еуразиялық экономикалық одақ құру

Д. Сүтемгенов: Интеграцияның келесі қадамы – Еуразиялық экономикалық одақ құру

Интеграцияның келесі қадамы – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Бұл жөнінде Вnews. kz тілшісіне берген сұхбатында «Сәйкестік бағасы жөніндегі органдар қазақстандық  ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) төрағасы Дәулет Сүтемгенов әңгімеледі. «Қалыптасушы Еуразиялық одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ аясындағы интеграциялық процестерді ескере отырып, сәйкестік жөніндегі органдар қазақстандық ассоциациясының рөлі саудадағы техникалық кедергілерді жою мен оны шешудің ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда Кедендік одақ аумағында дәл сәйкестік баға жүйесін қалыптастыруға нормативтік-құқықтық негіз жасалып отыр», – деді Д. Сүтемгенов. Заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының сөзіне қарағанда «Беларуста, Қазақстан мен Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірыңғай ережелері туралы» келісім техникалық реттеу өнімдерін айналдырудың базалық келісімі болып табылады. Құжат Кедендік одақтың бірыңғай аумағында техникалық реттеуді қалыптастырудың нақты негізі мен ережесін жасады. «Осы келісім аясында тараптар бірлесе отырып Кедендік одақтың барлық аумағында тікелей әсері бар техникалық регламенттер қалыптастыруда. Келісімде Кедендік одақ техникалық регламентінің қабылдануы мен күшіне енуі қосымша талаптар қоймайтыны қарастырылған. Яғни, бұл – өнімнің бірыңғай талаптары базасын қалыптастырып отырған бүгінгі таңда интеграциялық процестің базалық және шешуші сәттерінің бірі» – деп түсіндірді Дәулет Сүтемгенов. Ассоциация жетекшісі атап көрсеткеніндей техникалық регламенттер өнімді айналымға шығару тәртібі мен механизмін, сондай-ақ, осы өнімнің сәйкестік бағасы мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, Б. Сүтемгенов бүгінгі таңда республикада Кедендік одақ регламенті бойынша Қазақстан Республикасының сәйкестік тұтыну және сынақ лабораториялары жөніндегі органдарды аккредитациядан өткізу шеңберіндегі аккредитация жүйесі жұмыс істейтінін айтты. «Алдағы уақытта олар Кедендік одақ аккредитация субъектілерінің бірыңғай тізіміне енетін болады. Бүгінгі таңда Кедендік одақтың 34 регламенті қабылданғаны ескеріліп, олардың 20-дан астамы күшіне енген. Осы жерде техникалық реттеу саласында интеграциялық процесс алға қарқынды жылжығанын айту керек. Алдағы уақытта тауарлардың нақты топтары мен түрлеріне 60-тан астам регламент қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда азық-түлік, машина құрылысы, парфюмерлік-косметикалық және жеңіл өнеркәсіп өнімдері техникалық регламенттерінің үлкен пакеті қабылдаған», – деп хабарлады Вnews. kz тілшісіне берген сұхбатында ЗТБ төрағасы. Бір сөзбен айтқанда, регламенттер негізіне халықаралық мөлшерлер жатады. «Негізі осы келісімде қаланған Еуразиялық одақ туралы келісім-шарттың қабылдануымен олар сондай-ақ негізгі ұстанымдарды, техникалық реттеу жүйесін қалыптастырудың ережелері мен жолдарын анықтайтын одақ туралы базалық келісімге ауыстырылатын болады» – деп қосып қойды ол. Дәулет Сүтемгеновтің пікірі бойынша бүгінгі таңда Кедендік одақтағы техникалық реттеу аясындағы интеграциялық процесс қарқынды жүргізілуде. «Интеграциялық процесті жүзеге асыруды өткеру бөліміндегі қалыпты жағдайды атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Кедендік одақ құру бағыты бойынша нақты тапсырмалар берді – шекаралар алынып тасталынды, бірыңғай кедендік кодекс күшіне енгізілді. Алдағы уақытқа экономикалық блокқа байланысты келісімдердің пакетін қабылдады. Техникалық реттеудің бірыңғай ұстанымдары мен ережелері туралы келісім де сонда енгізілді. Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасты. Интеграцияның келесі қадамы – Еуразиялық экономикалық одақ құру» – деп қорытындылады ол.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz