Денсаулық

Тірі тышқанды WI-FI арқылы басқаратын болады

Тірі тышқанды WI-FI арқылы басқаратын болады

Америкалық биологтар тышқандардың іс-қимылын алыстан басқаруды үйренді. Бұл әрекет WI-FI арқылы жүзеге асады. Ол үшін ғалымдар кеміргіштің тікелей бас миына кіп-кішкентай зонд орнатқан. Ал ол құрылғыға хабар таратқыш аспап пен батареялар бекітілген. Мамандар адамның шашынан да жіңішке түтікше арқылы тышқан миының әр алуан бөліктеріне түрлі дәрілердің дозасын жіберіп, олардың қозғалысын бақылайды. Зерттеушілер осы әдістің көмегімен адамға тән жүйке ауруларын емдеуге де болады деп сендіреді. Сонымен бірге олар зондтың миға еш зиян келтірмейтінін айтады.