Жаһан

Қазақтың алып киіз үйі

The final spritzer

Қазақтың алып киіз үйі

Қазақтың қасиетті киіз үйін жаңа өркениет те өгейсітпейді екен. Қонақүйлердің бірінде орналасқан мына киіз үй ресми түрде әлемдегі ең үлкен құрастырмалы баспана ретінде танылып, «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Оқиға қарашаның 27-сі күні тіркелді. Осы үшін «Гиннестің рекордтар кітабының» өкілі Пател Правин Алматыдағы «Ақ ауыл» деп аталатын курорт-қонақүйіне келіп, өз көзімен көріп, таң-тамаша қалыпты. Алып киіз үй сипатындағы қонақүйдің ауқымы шынында да үлкен. Оның диаметрі қа­зақтың кәдімгі киіз үй­лерінен көп ауқым­ды – 19 метр 80 сантиметрді құ­райды. Мей­рамхана ретінде пайдаланылып отырған оның ішіне бір мез­гілде 200 адамға дейін сыйып кетеді. Киіз үйге қажетті ою-өрнектермен жабдықталған оның іші адамдарға кең жайлауда отырғандай әсер сыйлайды.

«Ақ жол-Ақпарат».