Таразда 1 желтоқсан күні дүниеге келген нәрестелерді құттықтау акциясы ұйымдастырылды
Таразда 1 желтоқсан күні дүниеге келген нәрестелерді құттықтау акциясы ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсан күні Тараз қалалық перинаталдық орталығында дүниеге келген нәрестелерді үкіметтік емес ұйымдардың құттықтау акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту, Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп халық арасында патриоттық рухын көтеру.
Аталмыш акцияға «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Дастан Исламбек Дастанұлы, «Жастар - зерттеу», «Зиялы заман», «Амазонка» қоғамдық бірлестіктердің төрайымдары - Мамедова Парида Иманжанқызы, Әлім Майра, Сарьян Анжелика және перинаталдық орталықтың медициналық қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Акция барысында туылған нәрестелер мен олардың аналарын құттықтап, сыйлықтар табысталды.
Акцияға барлығы 20 адам қатысты.