Саясат

Әр жүректен орын алды

Әр жүректен орын алды

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар және даму» атты Жолдауын «Казфосфат» ЖШС-ның «НДФЗ» ұжымы да ұйымшылдықпен тыңдады. Ұжымның түгелдей қызметкері қатысқан жиында Елбасының жаңа Жолдауы, ондағы әрбір тың идеялар, нақты бастамалар жүректердің төрінен орын алды. Оны Жолдаудан кейін өз ойымен бөліскен «Казфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Валерий Мартыновтың сөзінен де аңғардық. 

– Биылғы Жолдаудың ерекшелігі жаһандық дағдарыстағы жағдайларға байланысты Елбасының аталған қиындықтардан шығудың нақты 5 бағытын айқындап беруінде болды. Елбасы өз сөзінде біршама салаларда ешқандай қаржылық қысқарту болмайтындығын, қолдау көрсетіле беретіндігін айтты. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету» дей келе, Елбасы мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті. Осы секілді өзге де ойлар Жолдау жолдарынан көрініс тапқаны біздің санамызға серпін, бойымызға қуат бітірді, – дейді, В. Мартынов. Сондай-ақ, ол серіктестіктің барлық филиалдары мен кәсіпорындарында Елбасы жолдауын тікелей эфирден тыңдау жалғасқанын айтып, оған барлығы 1500-дей мамандар мен жұмысшылар қатысқанын жеткізді.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».