Ел мерейін асыратын күн
Ел мерейін асыратын күн
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі – Тұңғыш Президент күні. Бұл – бірлікті ұлықтап, ел мерейін асыратын күн. Себебі, мемлекетіміз татулықтың арқасында өсіп-өркендеп отыр десек, сарабдал саясатымен елді ұйыстырып, бейбітшілікті сақтап отырған – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 24 жылдың белесінде Елбасымыздың сара саясатының, дара көшбасшылығының арқасында мемлекетіміз толайым табыстарға қол жеткізді. Бүгінде еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басты. Қазақстанның осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктері жаңа белестерді межелеуге мүмкіндік беріп отыр. Ал Президентіміздің «Нұрлы жол» бағдарламасы, мереке қарсаңында жолдаған жаңа Жолдауы сөзсіз жаңа, инновациялық экономиканың негізіне айналады. Мемлекет басшысы Жолдауда халықтың тұрмыс тіршілігінің жақсарғанының нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір жасы 70 жасқа жақындап, өмір сүру ұзақтығы 72 жастан асқанын айтты. Ұлт Көшбасшысы халқымыздың өмір сүру сапасы еуропалық деңгейге жеткізуді көздейді. Бұл межеге де жетер күн алыс емес. Қадірлі ағайын! Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Елбасының елді дамуға бастайтын бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бағлан Қарашолақов, облыстық мәслихат хатшысы.