Қазақстан ДСҰ құрамына кірді
Қазақстан ДСҰ құрамына кірді
Қазақстан ДСҰ құрамына кірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. «Бүгін, 30 қарашада Қазақстан заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болды», – деді Президент. Еске сала кетейік, ДСҰ-ға мүше болуға өтінішті Қазақстан 1996 жылдың 29 қаңтарында берді. Ұйымға кірудің шарттары туралы келіссөздер 19 жылдан астам уақытқа созылды.
«Ақ жол-Ақпарат».