Президент: 2016 жылдан бастап «Б» корпусының жалақысы 30 пайызға артады
Президент: 2016 жылдан бастап «Б» корпусының жалақысы 30 пайызға артады
2016 жылдан бастап «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.
«Біз бұл мақсаттарға қаражатты табамыз. Ол үшін барлық бюджеттік бағдарламалар оңтайландырылады, біз оны есептеп шықтық. Осылайша, біз жалақыны арттыруға қатысты қаражатты таба аламыз. Өзіміздің халық алдындағы міндеттемелерімізді толық орындайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев.