Әлеумет

Халитке -халық риза

Халитке -халық риза

Жақында Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Тереңөзек, Көкарық және Шолаққайыңды елді мекендерінің тұрғындары бір жырғап қалды. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның басшысы Халит Базаралиев оларға үлестеріндегі егістік жерлерін жалға беру ақысы есебінен тиісінше ұн мен мал жемін таратып берді. Мұндай көмек түрі бізден басқа ауылдарда да көрсетіліпті дегенді естіген де, көрген де емеспіз. Серіктестік басшысы биыл  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай  Шолақ-қайыңды ауылында бой көтерген «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат» ескерткіш-обелискісінің құрылыс жұмыстарына демеушілік те етті. Сондай-ақ, біздің болашақ  Мәңгілік Еліміздің жастары білімді, сауатты болуына ықпал ететін фактордың бірі – мектептің жаңартылуына зор үлесін қосты. Кезінде аудан көлемінде  болған зілзала зардабынан ауылдағы бастауыш мектеп ғимаратының іргетасы, қабырғалары мен шатыры жарылып, апатты жағдай туындаған болатын. Халит Базарбайұлы жомарттық танытып, мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа оқу жылы басталар  сәтте  оқушылар игілігіне ұсынды. Сол кездегі ауылдың үлкен-кішісінің қуанышқа бөленген сәті әлі күнге дейін көз алдымызда. Халекеңнің күнкөріс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақшалай болсын, заттай болсын ұдайы көмек қолын созып тұратынын біз жақсы білеміз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақсы істердің дәнекері болу – жомарттықтың үлгісі деп санаймыз. Халықтың барын ұқсатып, жоғын тауып беріп, жыртығын жамап жүрген Халит Базаралиевтей азаматқа ауыл халқы дән риза.

Бейбіт БАЙСАРИЕВ, зейнеткер.

Тереңөзек ауылы, Т. Рысқұлов ауданы.