Денсаулық

Қазақстандық ғалым 25 жылға бір-ақ жасартатын білезік ойлап тапты

Қазақстандық ғалым 25 жылға бір-ақ жасартатын білезік ойлап тапты

pogudx56hpm55oftd.0d7dd931Алматылық физиолог Төрағали Батырханұлы жасартатын электрондық білезік жасап шығарды, деп хабарлады МИР 24.

Ғалымның айтуынша, оның көмегімен 25 жылға жасаруға болады.

Батырханұлы өзінің электрондық (магниттік) білезігімен және арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен сеанс жүргізеді.

«Адамда 30 секунд ішінде оң гормондар бөліне бастауы тиіс. Егер 30 секундтан кешіксе, улы гормондар бөлінеді. Бұл аспап ағзаны (қажетті үдеріске) айқындап, баптайды. Сол кезде  адамда жасару үдерісі пайда болып, көңіл күйі көтеріледі», – деді физиолог.

Құрылғы жұмысы қарапайым: физикалық жүктеме кезінде ғажайып білезік «қуаныш гормондары» серотонин және эндрофин өңдеуге ықпал етеді.

Төреғали өзінің бұл құрылғысын 10 жыл жетілдірген. Тіпті патент те алған. Алғашқы пациенттер бірнеше рәсімнен кейін бойдан ауыр күйзелістің де кететінін байқаған.

Ғажайып білезіктің көмегімен жасару сеанстарын әзірге Төреғалидың таныстары ғана алуда. Алайда автор өз  туындысының уақыт өте келе эстетикалық медицинада ерекше орны болатынына сенімді.