ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті
ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Казақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтер бекітуге арналған өтінімін қарады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері келесі жылға мәлімделген 22,8 % және 2017-2020 жылдарға 7 % орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап және жыл сайын (2020 жылға дейін) орташа есеппен 4 пайызға ұлғаяды.
ҚТЖ мәлімдеген тариф жария тыңдауларда талқыланды. Сондай-ақ бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқылау өткізілді. Нәтижесінде 4 пайыздық деңгейінде (орташа есеппен) бекітілген өсу «Республикалық тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады.
Тарифтерді өзгертудің негізгі себебі 608,6 млрд. теңге мөлшеріндегі сомада 5 жылдық инвестициялық бағдарламаны іске асыру болды. Осылайша ҚТЖ жаңа тарифі ең алдымен өз қызметтерін үздіксіз және қауіпсіз көрсету үшін жаңа құралдарды салуға және жаңғыртуға инвестицияларды көздейді. 5 жыл ішінде мынадай іс-шаралар іске асырылады:
жолдың үстіңгі құрылысын күрделі жөндеу;
Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдардың және Астана қаласындағы жаңа темір жол вокзалының бірінші кезектегі құрылысы; тартымдық шағын стансаларды жаңғырту;
Стансаларды жаңғырту, разъездердің, қосымша парктің құрылысы;
Поездар қозғалысын аралық реттеу жүйелерін салу, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және басқалар.