Әкімдік қызметкеріне шоколад сыйлаған қостанайлық 396 мың теңге айыппұл төлейтін болды
Әкімдік қызметкеріне шоколад сыйлаған қостанайлық 396 мың теңге айыппұл төлейтін болды
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1987 жылғы азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 676-бабының 2-тармағы бойынша (заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы ұсыну) әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Әкімшілік құқық бұзушылық турады хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 20 наурызында сағат 10:30-да азамат Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының кабинетінде мекеме басшысына бағасы 1270 теңге тұратын «Баян Сұлу» маркалы кәмпит қорабы түріндегі заңсыз сыйлық берді», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот отырысында азамат Б. құқық бұзушылық жасағанын мойындап, өкінішін білдірді.
Оған мемлекет пайдасына 396 мың теңгені сомасын құрайтын 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.