Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді
Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді
Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады деп хабарлайды “Қазгидромет”.
Орталық Поволжье жақтағы циклон 80 км/сағ жылдамдықпен Батыс Сібірге жылжып келеді. Онымен байланысты атмосфералық ағындар Қазақстан арқылы өтіп, жауын мен қардың жаууына, көктайғақ пен тұманның болуына әкеледі.
“Шығыс Еуропа аумағынан 28 қарашада батыс облыстарға суық атфосфералық ағындарды 30 қарашада елдің шығыс аймақтарына жететін антициклон алмастырады. Антициклон шығысқа қарай жылжығанда жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді. Алайда ол климаттық нормадан жоғары болып қала бермек”, – делінген синоптиктердің болжамында.