Денсаулық

Украиналық «Roshen» компаниясының конфеттері шошқа майынан жасалған ба?

Украиналық «Roshen» компаниясының конфеттері шошқа майынан жасалған ба?

pogudx6s0agr23kmv.3c12fa14Жақында Әзірбайжан газеттерінің бірі украиналық «Roshen» компаниясының кондитерлік өнімдері құрамында доңыз майының элементі бар екенін жазды.

Материалды жазған журналист компанияның Әзірбайжандағы өкілдігіне қоңырау шалып, мардымды жауап ала алмаған деп хабарлайды «Қамшы»порталы.

Осыдан соң, портал тілшілері арнайы мамандардың пікіріне құлақ түрді.

“Шынымен де шетелден әкелген кейбір өнімдерден доңыздың ғана емес, ит, мысықтың, басқа да жеуге болмайтын хайуандардың ДНК-сі табылатын қышқыл анықталып жатады. Бұндай азық тұтынған адамдарға барлық жағынан кері, жағымсыз әсер етеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» өнімдерді стандарттау бөліміне осындай мәселемен көптеген өтініштер түсіп жатады. Біз де мұқият зерттеу жүргізу үшін молекулалық генетикалық зертханамен келісімшартымыз бар. Әзірге 20-дан астам өнімге зерттеу жасадық. Зерттеуден өткен, тұтынуға болатын шұжық, колбаса өнімдерін ҚМБД сайтында хабарлап отырмыз. Көрші елдерде қағылып жатқан дабылға біз де үн қосамыз. Алдағы уақытта зертханамызда ол өнім тексеруден өтетін болады. Украинада, Ресейде өндірілген конфеттен бөлек, кейбір шұжық өнімдерінде, балмұздақта шошқа еті элементтері бар екені Триген зертханасында анықталды. Зерттеуден өткен өнімдердің өте аз бөлігі ғана рұқсат алуға жарамды болып отыр. Біздің зертхана ашылғанға дейін, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында бір маман өз бетінше ресейлік бір компанияның 290-нан астам «Халал» жазуы бар өнімді алып, тексеріп көрген. Солардың арасында тек 14 өнім сертификатқа сай болған”, – дейді ҚМБД «Халал» өнімдерді стандарттау бөлімі өкілі Бақытжан Мұратбекұлы.

“Ресейдің «Халал» стандарты комитеті алғашында «Roshen» кондитерлік фирмасына сертификат берген. Бірақ, бұл конфетке соңғы екі жылда «Халал» сертификаты берілмеді. РФ, сертификаттау, стандарттау органының өкілі Газиза Гайдаргабдулованың сөзінше, Ресей тарапы бұл конфетте шошқа еті элементтері жоқ екеніне кепілдік етпейді. Сондықтан, лабораториялық тексеруден өткізу керек”, – дейді Қазақстан Мұсылмандары рухани басқармасы өкілі, «Халал» бөлімінің маманы Әбілдина Алмагүл Қуанышқызы.

Негізі, тәтті-дәмді тағамдардың негізгі құрамында кондитерлік май деп аталатын арнайы өнім қолданылады. Кондитерлік май дегеніміз – өсімдік сығындыларынан алынатын май.

Бірақ, кондитерлік майдың кейбір түрлері өндірістік жолмен алынған жануарлардың майынан, оның ішінде сиыр мен шошқа майынан тұруы да мүмкін.