Жамбылда не жаңалық?

Талас

Талас

Ақкөлдіктер ауыл кәсіпкері Еркін Темірбековке дән риза. Ол ауыл ортасынан наубайхана ашып, сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз ете бастады. Жеке кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге несиеге наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Одан өзге осы бағдарлама аясында 10 адам 16 миллион теңге несие алып, шаруасын дөңгелетіп отыр.