«Құрал-сайманға толып кетіпті ғой...»
«Құрал-сайманға толып кетіпті ғой...»
Мұқағали Мақатаев бір жолы Ақтөбеге барады. Облыстық газетте қызмет істейтін ақын Мұхтар Құрманәлиннің бөлмесіне кірсе, ол кісі жоқ екен де, бір жас қызметкер отырса керек. – Мұхтар қайда? – деп сұрайды одан Мұқағали. – Редактор шақырып еді, қазір келіп қалар, отыра тұрыңыз, – дейді жас қызметкер. Мұқағали үстелді саусақтарымен шерткілеп: «Мұхтар да Мұқа, Мұқағали да Мұқа», – дегенді қайталай береді. Әлгі жігіт қарап отырмай: – Мұқаң көп болғанмен, Мұхтар біреу ғой, – дейді. Мұқағали оған жалт қарайды: – Дұрыс айтасың, бала, атың кім өзіңнің? – Құрал. Осы кезде бөлмеге басқа бір жігіт кіріп келеді. Ол Мұқағалиды танып, қол ұсынып сәлем береді. – Ал сен кімсің? – деп сұрайды Мұқағали. – Болат Теміров деген ақын ініңізбін ғой, – дейді жаңа келген жігіт. Сонда Мұқағали: – Оу, редакцияларыңа құрал-сайман, темір-терсек толып кетіпті ғой, – деген екен.