Талас
Талас
Қаратау қаласындағы балалар өнер мектебінде Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жылдығына арналып лекция-концерт өтті. Шәмші авторы болып табылатын мемлекеттік Әнұран «Менің Қазақстанымды» шырқаумен басталған концерт, «Бақыт құшағында», «Ақ бантик», «Сыған серенадасы», «Әнім сен едің» және тағы да басқа елге танымал әндерін осы мектептің ұстаздары мен оқушылары әуелете шырқады. Ал ағайынды Нұрлановтардың оқыған өлең шумақтары лекция-концертті мазмұнын жандандыра түскендей. Сондай-ақ, көрермендерге мультимедиалық тақта арқылы Шәмшінің өмірі мен шығармашылығы және әндерінің шығу тарихынан көп мағлұмат беретін «Шәмші сүйген арулар» деген тақырыпта қызықты деректер көрсетілді.