Денсаулық

Өзгерген заман өзгерістері

Өзгерген заман өзгерістері

Алматы қаласында еліміздегі БАҚ нарығын дамыту мәселелері жөніндегі «Өзгерген заман өзгеріс енгізеді» деген тақырыпта VIII конференция болып өтті. Конференцияны Қазақстан Баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова ашты. Одан кейін медиа-нарықтың қазіргі ахуалы және оның басты үш құрамдас бөлігі: жарнама, мемлекеттік тапсырыс және құқықтық кеңістік тақырыбында TNS GallupVediaAsia агенттігінің бас директоры Татьяна Старцева, Қазақстан Ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығының директоры Шолпан Жақсыбаева, Қазақстан Ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығының заңгері Сергей Власенколар сөйледі. Informburo.kz бас директоры Михаил Дорофеевтің модератор болуымен саясаттанушы, «Эксклюзив» журналының саяси шолушысы Расул Жұмалы, Интерньюс-Қазақстан директоры Ержан Сүлейменов, vlast.kz бас редакторы Вячеслав Абрамов және «31-арна» ЖШС бас директоры Бағдат Қожахметовтер пікірталасқа қатысып, өз ойларын ортаға салды. Конференцияға қатысушылар бұдан кейін сайттардың қызметіне, медиа-қорларды реттеу және болжамдар жайлы сөйлеген спикерлердің пікірталастарына қатысты.

«Ақ жол-Ақпарат».