Денсаулық

Ердоған: Ресейлік ұшақты біз атып түсірдік

Ердоған: Ресейлік ұшақты біз атып түсірдік

54Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған түрік әскерилерінің ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсіргенін растады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі ұшақтың тек қана Сирия аумағында ұшқанын айтып отыр. Алайда, Анкара Су-24 ұшағының Түркия аумағына өтіп кеткенін мәлімдеді.

Ұшақ Сирияның Латакия провинциясына құлаған. Бұдан бұрын Түркия тарапы Сирияға жасалған операция барысында ресейлік ұшақтардың әуе кеңістігі шекарасын бұзып жатқанына байланысты Ресейге ескерту жасаған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік ұшақтың құлау себебі әлі нақты анықталмағанын айтты.

«Біз ұшақтың құлауына байланысты Қорғаныс министрлігінен қандай да бір нақты себеп естіген жоқпыз», – деді Песков. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Ресей президенті бұл мәселені Сочиде Йордания королімен өтетін кездесуде қозғайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бүгін Түркия ресейлік әскери ұшақты әуе кеңістігінің шекарасын бұзғаны үшін атып түсірген болатын.