Ел жаңалықтары

Әйелдіқасқырлар босандырған

Әйелдіқасқырлар босандырған

Адам нанғысыз оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған екен. Американдық Мэри Краник есімді әйел жүктіліктің сегізінші айында жолға шығады. Күтпеген жерден алай-түлей боран соғып, көлігі қарға тіреліп, жүрмей қалады. Амалы таусылған әйел жолдан көлік кезігер деген оймен машинасынан түсіп, жаяу жүре бастайды. Бірақ, шамалы жүрген соң толғақ қысады. Қатты әлсіреген әйел біраздан соң есінен танып қалады. 

Мэри Краниктің өзі оқиғаны былай есіне алған екен: «Бірнеше минуттан кейін есімді жисам, басым алып қасқырдың белінде жатыр. Бұл үйірдің басшысы секілді. Қалған қасқырлар мені желдің суығынан сақтау үшін дөңгелек жасап тұр екен. Олардың саны онға жуық болды. Қорқып та үлгермедім, өйткені толғақ жанымды көзіме көрсетті. 20 минуттан кейін сәбиді дүниеге әкелдім. Бір қаншық қасқыр абайлап қана кіндікті кесті де, жанындағы қасқыр екеуі сәбиді жалай бастады. Басқа қасқырлар мені жылытпақ болып одан сайын жақындай түсті». Көп ұзамай Мэри Краникті туыстары келіп тауып алады. Ал адам сенгісіз әрекетке барған қасқырлар үйірі бала мен ананы сол жерден алып кеткенше алыстан бақылап тұрған.