Денсаулық

Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады

Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады

20151124080714Тайвань жеріндегі смартфон өндіруші HTC компаниясы тұтынушыларға арнап, қызықты шара өткізуде. HTC өзінің жуырда шығарған жаңа One А9 смартфонын ескі алтыншы айфонды әкелген адамға ешбір ақысыз айырбастап беруге дайын, деп жазады деп жазады planet-today.ru.

Клиенттер тиімді шараға 26 қарашадан бастап, 2 желтоқсанға дейін қатысуға болады. НТС-тің көздеген басты мақсаты - One A9 моделінің сатылуын арттыру. Ал Apple корпорациясының бұл айырбасқа қатысты пікірі әзірге белгісіз. Сондай-ақ кез келген брендтің ескі смартфонын әкелген адамға компания ақша төлейді. Бірақ клиент бұл ақшаға тек HTC-тің өнімін сатып алуы тиіс. Мысалы, Samsung смартфоны үшін 200$, ал LG смартфоны үшін 100 доллар алуға болады, деп жазады 24.kz.