Денсаулық

Қазақстанда 12-жылдық оқу жүйесі екі жылдан кейін енгізіледі

Қазақстанда 12-жылдық оқу жүйесі екі жылдан кейін енгізіледі

pogudx226qf7oa68h.5e720206Қазақстанда 12 жылдық оқыту жүйесі бірінші сыныптарға 2017-2018 жылдары енгізіледі. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қазақстанда 12 жылдық білім беруге толықтай 2020-2021 оқу жылдарында енгізу жоспарланған», – дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 12 жылдық мектептің оқушылары жаңа пәндерді оқиды, үш тілде еркін сөйлеп, кең ауқымды білімге ие болады.

«Бұл өз кезегінде оқушыларға өз білімін өмірде қолдануға, өмірдің кез келген жағдайларында бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді. Осыған байланысты отандық және шетелдік тәжірибелердің негізінде 12 жылдық білім беруге жаңа оқулықтар шығарылады», – деп түйіндеді сөзін Сәрінжіпов.