Құран ұстап туған бала
Құран ұстап туған бала
Нигерияның оңтүстік-батыс аумағы Лагос облысының тұрғыны 32 жасар Киклемо Илори жуырда босанған еді. Сәби ана құрсағынан туылғанда алақанында Құран кәрім кітабын ұстап туған. Елді мекендегі әйелдер дәрігері Тавактың айтуына қарағанда: «Біз өте таңғалдық. Бала қалайша Құран кітабын ұстап туғанынан анасы да бейхабар. Біздің пайымдауымызша, Киклемо Илори жүкті болудан бұрын Құран кітабын байқаусыз жұтып қойған болуы әбден мүмкін. Бірақ тамағында қалды десек, ана құрсағына Құран кітабы баруы мүмкін емес. Сондықтан бізді таңғалдырып отыр» – депті. Киклемо Илори: «Баламды 10 ай көтердім, сол уақытта қолында сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес», – дейді. Ата-анасы баласына Устадз Абдуль Рахман деген ат қойыпты. Нигерияның Ислам Діндер Одағының имамы Романи Тижани Алифаткурееб, комиссия басшысы Нарсрулифати Алхажи Абдуллахи Акибодидар балаға құрметпен қарауға үндеп, сәбидің анасының атын өзгертіп «Шерифат» болдырған екен.
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Маржан РАҚАЙ marzhan-rakai@mail.ru
Эльвира Жарылқасынова elvirkz@mail.ru