Мәдениет

«Евровидение-2014» байқауында австриялық сақалды әйел жеңімпаз атанды

«Евровидение-2014» байқауында австриялық сақалды әйел жеңімпаз атанды

«Евровидение-2014»  әншілер байқауында австриялық Кончита Вурст "Rise like a Phoenix" әнімен бас жүлдені иеленді. Айта кетейік, финалдық кезеңге Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Исландия, Норвегия, Румыния, Армения, Польша, Греция, Германия, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Венгрия сынды бірқатар елдердің әншілері жолдама алған болатын. "Евровидение" - 1956 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әншілердің дәстүрлі халықаралық байқауы. Әр жылдары бұл додада Селин Дион, Тото Кутуньо сынды күміс көмей әншілер топ жарған. Ең қызығы, байқаудың бүкіл тарихында ресейліктер тек бір-ақ рет бас жүлде алыпты. Атап айтсақ, 2008 жылы Дима Билан "Believe me" әнімен гран-при иегері атанған еді.

Ақпарат көзі: www.nur.kz