Әдебиет

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Қысыр бұлтын қуып тастап жүректің, Тәуелсіздік! Үмітіме гүл ектің, Көкірегіме ұялатып иманды, Алпыс екі тамырымды нұрлы еттің.

Жатқа жем боп, ұпайымнан ұтылып, Жүруші едім кеудемде күн тұтылып. Арманымның ақ гүлдері бүр жарды, Аш өзегі өртенгеннен құтылып.

Азаттық кеп менің байтақ далама, Ақыл кірді, сабыр тұнды санама. Ауырлықтың бәрі артта қалғандай, Дауа таптым жазылмаған жарама.

Адалдық пен әділдікті жинаған, Азаттыққа теңеу таппай қиналам. Мың-миллион алғыс айтам Аллаға, Бостандықтың бақыт құсын сыйлаған.

Тәуелсіздік! Мәңгі өшпес өлеңсің, Таудан биік, мұхиттан да тереңсің. Тамырыңнан қуат алған ұлы Елім, Жаратқанның рақымына бөленсін!..

Шырын Мамасерікова.

Мерке ауданы