Бір топ қарулы адам Мали астанасында қонақ үйге шабуыл жасап, 170 адамды тұтқынға алды
Бір топ қарулы адам Мали астанасында қонақ үйге шабуыл жасап, 170 адамды тұтқынға алды
Қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, қонақ үйде 170 тұтқын бар. Атыс жүріп жатыр, үш адам құрбан болған болуы мүмкін, деп хабарлады РБК БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйінде автоматтан оқ ата бастаған. Бұл туралы Reuters және Agence France-Presse агенттіктері куәгерлер мен қауіпсіздік қызметіндегі жоғары лауазымды адамдарға сілтеме жасап мәлім еткен.