Денсаулық

Н.Назарбаев: Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарын жүргізеді

Н.Назарбаев: Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарын жүргізеді

20151120141014Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Мохаммад Ашраф Ғанимен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Осы жылдар ішінде ауған елінің қиын-қыстау жағдайына байланысты Қазақстан әр уақытта да бауырлық көмегін көрсетіп отырды. Біз осы кезең ішінде 20 млн. долларға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік. 2 млн. долларды Ауғанстанға құқық қорғау органдарын нығайту үшін бердік», - деді Елбасы. Мұнан бөлек, ҚР Президенті еліміздің 1000 ауған жасына жоғары білім беру үшін қомақты қаржы бөлгендігін еске салып өтті. «Қолымыздан келген көмекті әрі қарай да елдің экономикасы өркендеуі үшін жасай беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарына атсалысатын болады.