«Мақсатымыз – Халықаралық Д.Қонаев турнирін «Гран-При» дәрежесіне көтеру»
«Мақсатымыз – Халықаралық Д.Қонаев турнирін «Гран-При» дәрежесіне көтеру»
«Дағдарыс бір-екі жылда өтіп кетеді. Ал еліміздің спорты үнемі дами беруі тиіс»
Әлімбек Жұмабаев, «Алтаис-GRUB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, еркін күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевқа арналған халықаралық турнирдің бас демеушісі:
– Әлімбек Әсембекұлы, сіз еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирді тоғызыншы жыл ұйымдастырып, демеушілік жасап отырсыз. Мұндай игі шараға жанашырлық танытуыңызға не себеп болды? – Мұның басты себебі – халқымыздың біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың рухына құрмет. Одан кейін еркін күреспен шұғылданатын достарымыз көп болды. Сол жігіттердің өтініші маған ой салып, осындай турнир өткізуге жетеледі. Әуелі жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир деңгейінде өткізгенбіз. 2012 жылдан бері халықаралық турнир ретінде ұйымдастырып келеміз. Халықаралық деңгейдегі жарыстың жүлде қоры қомақты болатыны да, ұйымдастыру ісінде жоғары жауапкершілікті қажет ететіні жасырын емес. – Бұл турнирге демеуші болу сізге не береді? – Әрине, жарысты өткізуге қомақты қаражат жұмсалады. Сондықтан, қаржылық жағынан жеке басыма ешқандай тиімділік жоқ. Бірақ, еліміздің күрес спортының дамуына үлес қосқанымды үлкен жетістік санаймын. Еркін күрес Олимпиадалық спорт түрі екенін білесіздер. Осындай турнирлерде еліміздің балуан жігіттері өздерінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Үлкен жетістіктерге жету жолында өздеріне деген сенімін нығайтады. Бұл турнирге Олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін шақыруға күш салып келеміз. Сондай әлемге даңқы шыққан айбынды спорт саңлақтарымен жүрек жұтқан жерлес жігіттер белдесіп, тәжірибе алмасып жатса дейміз. Тіпті, «Күш атасын танымайды» дегендей, сондай даңқы жер жарған алыптардан біздің еліміздің, оның ішінде облысымыздың беткеұстар балуандары айласын асырып жатса, біздің үлкен олжамыз сол деп есептеймін. Турнирді дәстүрлі түрде өткізудегі, тұрақты түрде демеуші болудағы мақсатым – осы. – Аталған байрақты бәсекенің әлемдік аренадағы маңызы қандай? – Бүгінгі таңда бұл турнирдің Тараз қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетінінен әлемнің 20-дан астам мемлекеті хабардар. Біздің мақсатымыз – Д.Қонаевты еске алу турнирін «Гран-При» деңгейіне көтеру. Бұл жағдайды, әрине, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясымен бірлесіп, келісіп, ақылдасып жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сол кезде әлем бойынша еркін күрес спорты өте дамыған 16 мемлекеттің балуандары Тараздың боз кілемінде шын мықтыны анықтау жолында тер төгетін болады. Бірақ, бұл деңгейге қол жеткізу оңай емес. «Гран-При» деңгейінің жоғары талаптары бар. Ол кезде жарыс өтетін спорт кешенінің талапқа сай болуы, тігілген жүлделердің қомақтылығы, турнирге қатысушы спортшылар мен бапкерлерге барлық жағдайдың жасалуы бәрі-бәрі назарға алынады. Біз ұйымдастырып жүрген бұл турнир аталған талаптарға сай болып, «Гран-При» дәрежесіне көтерілсе, төгілген тердің өтелгені дер едім. Әлемге Тараз қаласының тарихы мен мәдениетін, халқымыздың қонақжай дәстүрін де танытар едік. – Турнир барысында қайырымдылық лотереялары ойнатылады екен. Осы шарадан түскен қаражат қайда жұмсалады? – Қайырымдылық лотереясын ойнату біраз жылдан бері дәстүрге айналды. Бұл лотерея арнайы кассада сатылады. Түскен қаражатты жергілікті тұрғындар арасынан жағдайы төмен отбасыларға беріп, қайырымдылық көрсетеміз. Жағдайы төмен отбасыларды, мұқтаж жандарды облыс әкімдігі денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары арқылы анықтаймыз. Былтырғы турнирде мұқтаж жандарға 2 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көрсеттік. Жағдайы төмен отбасыларға көрсететін қайырымдылық биыл да жоғарылап, оларға берілетін қаржы көлемі жылдағыдан көп болады деп жоспарлап отырмыз. – Турнирге кімдер шақырылады? – Д.Қонаевты еске алуға арналған турнир болғандықтан, ширек ғасыр мемлекетімізді басқарған қайраткермен қызметтес болған іні-қарындастары шақырылды. Алматыдағы Халықаралық «Қонаев қорынан», аталған қордың облыстардағы бөлімшелерінен өкілдер келеді. Турнир барысында 350 адамға дастархан жайылып, Д.Қонаевтың рухына арналып ас беріледі. Халқымыздың біртуар ұлына деген құрметті ешқашан ұмытқан емеспіз. – Қазақстандық еркін күрес шеберлерінің негізгі қарсыласы кімдер? – Ресей мен Моңғолия балуандары өте мықты. Осы турнирге грузиялықтар да әлемдік додаларда озған чемпиондарын әкелмекші. Иран балуандары да осал емес. Жерлес жігіттердің негізгі қарсыласы осы мемлекеттің еркін күрес шеберлері болады деп жобалап отырмыз. Алайда, спортта неше түрлі тосын жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан, алдын ала тон пішуге де болмайды. Өзбекстан, Америка, Армения, Тәжікстаннан келетін спортшылар да жеңіске жетуді мақсат тұтатыны анық. – Турнирдің жүлде қоры қандай? – Жүлде қоры жылдағыдан жоғары. Әр салмақ бойынша жеңімпаз балуанға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Жеңімпаз спортшылардың жеке бапкері 1 мың АҚШ долларына ие болады. Екінші жүлде – 3 мың, үшінші жүлде – 1 мың АҚШ доллары. Мұның барлығы еліміздегі еркін күрес спортының болашағы үшін жасалып жатқан игілік. – Дағдарыстың дүмпуі сезіліп жатқанына қарамастан, жарыстың жүлде қорын қысқартпаған екенсіз... – Оның себебі бір жылы көп, бірі жылы аз қаржы жұмсап, турнирдің деңгейін төмендетуге болмайды. Дағдарыс бір-екі жылда өтіп кетеді. Ал еліміздің спорты үнемі дами беруі тиіс. Сондықтан, бұл турнирдің жүлде қорын жылдан-жылға көбейтпесек те, азайтпауға күш саламыз. – Өзіңіз спортпен шұғылданасыз ба? – Жастық кезде спорттың шахмат түрімен айналыстым. Күреспен айналыспасам да, елімізге белгілі балуан жігіттермен бірге жүріп, солардың жарыстарына жанкүйер болдық. Кіші ұлым Асқар еркін күреспен шұғылданып жүр. Болашағын уақыт көрсетеді. Ал, Алла қаласа, елімізде күрестің дамуына өзіндік үлесімді қоса бергім келеді. – Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Есет Досалы, «Ақ жол».
– Әлімбек Әсембекұлы, сіз еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирді тоғызыншы жыл ұйымдастырып, демеушілік жасап отырсыз. Мұндай игі шараға жанашырлық танытуыңызға не себеп болды?– Мұның басты себебі – халқымыздың біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың рухына құрмет. Одан кейін еркін күреспен шұғылданатын достарымыз көп болды. Сол жігіттердің өтініші маған ой салып, осындай турнир өткізуге жетеледі. Әуелі жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир деңгейінде өткізгенбіз. 2012 жылдан бері халықаралық турнир ретінде ұйымдастырып келеміз. Халықаралық деңгейдегі жарыстың жүлде қоры қомақты болатыны да, ұйымдастыру ісінде жоғары жауапкершілікті қажет ететіні жасырын емес. – Бұл турнирге демеуші болу сізге не береді?– Әрине, жарысты өткізуге қомақты қаражат жұмсалады. Сондықтан, қаржылық жағынан жеке басыма ешқандай тиімділік жоқ. Бірақ, еліміздің күрес спортының дамуына үлес қосқанымды үлкен жетістік санаймын. Еркін күрес Олимпиадалық спорт түрі екенін білесіздер. Осындай турнирлерде еліміздің балуан жігіттері өздерінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Үлкен жетістіктерге жету жолында өздеріне деген сенімін нығайтады. Бұл турнирге Олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін шақыруға күш салып келеміз. Сондай әлемге даңқы шыққан айбынды спорт саңлақтарымен жүрек жұтқан жерлес жігіттер белдесіп, тәжірибе алмасып жатса дейміз. Тіпті, «Күш атасын танымайды» дегендей, сондай даңқы жер жарған алыптардан біздің еліміздің, оның ішінде облысымыздың беткеұстар балуандары айласын асырып жатса, біздің үлкен олжамыз сол деп есептеймін. Турнирді дәстүрлі түрде өткізудегі, тұрақты түрде демеуші болудағы мақсатым – осы. – Аталған байрақты бәсекенің әлемдік аренадағы маңызы қандай?– Бүгінгі таңда бұл турнирдің Тараз қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетінінен әлемнің 20-дан астам мемлекеті хабардар. Біздің мақсатымыз – Д.Қонаевты еске алу турнирін «Гран-При» деңгейіне көтеру. Бұл жағдайды, әрине, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясымен бірлесіп, келісіп, ақылдасып жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сол кезде әлем бойынша еркін күрес спорты өте дамыған 16 мемлекеттің балуандары Тараздың боз кілемінде шын мықтыны анықтау жолында тер төгетін болады. Бірақ, бұл деңгейге қол жеткізу оңай емес. «Гран-При» деңгейінің жоғары талаптары бар. Ол кезде жарыс өтетін спорт кешенінің талапқа сай болуы, тігілген жүлделердің қомақтылығы, турнирге қатысушы спортшылар мен бапкерлерге барлық жағдайдың жасалуы бәрі-бәрі назарға алынады. Біз ұйымдастырып жүрген бұл турнир аталған талаптарға сай болып, «Гран-При» дәрежесіне көтерілсе, төгілген тердің өтелгені дер едім. Әлемге Тараз қаласының тарихы мен мәдениетін, халқымыздың қонақжай дәстүрін де танытар едік. – Турнир барысында қайырымдылық лотереялары ойнатылады екен. Осы шарадан түскен қаражат қайда жұмсалады?– Қайырымдылық лотереясын ойнату біраз жылдан бері дәстүрге айналды. Бұл лотерея арнайы кассада сатылады. Түскен қаражатты жергілікті тұрғындар арасынан жағдайы төмен отбасыларға беріп, қайырымдылық көрсетеміз. Жағдайы төмен отбасыларды, мұқтаж жандарды облыс әкімдігі денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары арқылы анықтаймыз. Былтырғы турнирде мұқтаж жандарға 2 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көрсеттік. Жағдайы төмен отбасыларға көрсететін қайырымдылық биыл да жоғарылап, оларға берілетін қаржы көлемі жылдағыдан көп болады деп жоспарлап отырмыз. – Турнирге кімдер шақырылады?– Д.Қонаевты еске алуға арналған турнир болғандықтан, ширек ғасыр мемлекетімізді басқарған қайраткермен қызметтес болған іні-қарындастары шақырылды. Алматыдағы Халықаралық «Қонаев қорынан», аталған қордың облыстардағы бөлімшелерінен өкілдер келеді. Турнир барысында 350 адамға дастархан жайылып, Д.Қонаевтың рухына арналып ас беріледі. Халқымыздың біртуар ұлына деген құрметті ешқашан ұмытқан емеспіз. – Қазақстандық еркін күрес шеберлерінің негізгі қарсыласы кімдер?– Ресей мен Моңғолия балуандары өте мықты. Осы турнирге грузиялықтар да әлемдік додаларда озған чемпиондарын әкелмекші. Иран балуандары да осал емес. Жерлес жігіттердің негізгі қарсыласы осы мемлекеттің еркін күрес шеберлері болады деп жобалап отырмыз. Алайда, спортта неше түрлі тосын жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан, алдын ала тон пішуге де болмайды. Өзбекстан, Америка, Армения, Тәжікстаннан келетін спортшылар да жеңіске жетуді мақсат тұтатыны анық. – Турнирдің жүлде қоры қандай? – Жүлде қоры жылдағыдан жоғары. Әр салмақ бойынша жеңімпаз балуанға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Жеңімпаз спортшылардың жеке бапкері 1 мың АҚШ долларына ие болады. Екінші жүлде – 3 мың, үшінші жүлде – 1 мың АҚШ доллары. Мұның барлығы еліміздегі еркін күрес спортының болашағы үшін жасалып жатқан игілік.– Дағдарыстың дүмпуі сезіліп жатқанына қарамастан, жарыстың жүлде қорын қысқартпаған екенсіз...– Оның себебі бір жылы көп, бірі жылы аз қаржы жұмсап, турнирдің деңгейін төмендетуге болмайды. Дағдарыс бір-екі жылда өтіп кетеді. Ал еліміздің спорты үнемі дами беруі тиіс. Сондықтан, бұл турнирдің жүлде қорын жылдан-жылға көбейтпесек те, азайтпауға күш саламыз. – Өзіңіз спортпен шұғылданасыз ба? – Жастық кезде спорттың шахмат түрімен айналыстым. Күреспен айналыспасам да, елімізге белгілі балуан жігіттермен бірге жүріп, солардың жарыстарына жанкүйер болдық. Кіші ұлым Асқар еркін күреспен шұғылданып жүр. Болашағын уақыт көрсетеді. Ал, Алла қаласа, елімізде күрестің дамуына өзіндік үлесімді қоса бергім келеді.– Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Есет Досалы, «Ақ жол».