2017 жылы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек
2017 жылы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек
2017 жылы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек.
Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.
«Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре отырып, біз оны шағын және транспарентті етіп жасамақпыз. Біз саяси деңгейлердің барлық сатыларында тек қоғам мүддесіне қызмет ететін әкімшілік-мемлекеттік қызметті құруды жоспарлап отырмыз. «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңда біз кадрларды іріктеу, жылжыту және бағалаудың ашық процедураларын қарастырдық. Біз келесі жылдан бастап, командалық көшіп-қонуға шектеу қоятын мансаптық модельге өтеміз. 2017 жылы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек. Ол қызметкердің жасаған жұмысының ауырлығын, нәтижелілігін, маңыздылығын ескеретін болады», - деді ол.
Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаев 5 институционалды реформасында елде мемлекеттік қызмет жүйесін, оның ішінде қызметкерлердің еңбегін әділ бағалап, атқарған жұмысына сәйкес еңбекақы төлеудің жаңа жалақы жүйесін енгізуді тапсырған болатын.