Денсаулық

Назарбаев бұрынғы шенеуніктерге: 25 жыл бәрін ұстап тұрдыңдар, енді кету керек

Назарбаев бұрынғы шенеуніктерге: 25 жыл бәрін ұстап тұрдыңдар, енді кету керек

неҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның мемлекеттік қызметі” туралы заңға тыйым салды. Бұл туралы “Қазақстан жаңалықтарына”сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Айтпақшы, мен бүгін мемлекеттік қызмет туралы заңға тыйым салдым және мен енгізген өзгертулерді қарастыруларын сұрап оны парламентке қайтардым. Мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетке шығу мәселесін нақтылау керек. Бәрін 25 жыл бойы ұстаған да жетер, сұрағанда кету керек. Әрқайсысының нақты кету уақыты бар… Кеңес кезеңінде 2-3 жыл бұрын жіберіп жатса, қуанып, кете беретін еді. Қазір ешкім кеткісі келмейді», – дейді Назарбаев кеңейтілген үкімет отырысында.

«Зейнетке шығудың нақты мерзімі бар, мен ондайлардың Қазақстан бойынша қаншасы отырғанын жақсы білемін. Бұл саяси мемлекет қызметкерлері үшін де қарастырылуы керек. Ал президент тағайындайтын саяси қызметкерлердің кету мерзімін президент өз шешімімен 1-5 жылға соза алатын ерекшелік бар», — дейді ол.

Тағы бір назар аудартқан мәлімдеме жекешендіруге қатысты айтылды деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі кәсіпкерлерді капиталды заңдастыру және жекешендіру науқанына қатысуға шақырды. Ол әзірге бұл шараның нәтижесі шамалы болып тұрғанын айтты. Назарбаев «жылтыр журналдарда өзін бай ретінде көрсететін» адамдарға «Қазақстанға ақша (инвестиция) салу» туралы өтініш айтты. Бірақ бұл жолы да ешкімнің атын атамады.

«Мемлекет осы жылдар бойы сіздерге баюға мүмкіндік берді… Енді [заңдастыру мен жекешендіру науқанына қатыссаңыздар] халыққа, баюға мүмкіндік берген елге жақсы жауап берген боласыздар. Мен бұл туралы біздің адамдармен жеке сөйлесемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиында сөйлеген президент кадр дайындауға көп қаржы бөлінетінін, бірақ биліктің жоғары тармағында жаңа кадрлар жетіспейтінін айтты.

“Кез-келген маманға ең алдымен өзінің орнын басатын адам дайындау туралы міндет қою керек. Бұл барлығымызға қатысты. Өзіңді алмастыратын адам іздесең, ешкім жоқ. Сұрасаң “Орныма қоятын ешкім жоқ. Барлығын жалғыз өзім атқарып келем, менен кейінгілері мүлдем нашар” деп жауап береді. Мен егер іс жүрмей жатса басшыны ауыстыру керек деп талай рет айттым” , – деген Назарбаев.

Қазақстан президенті “мәселенің шешімін білмейтін басшының өзі проблема екенін” айтты. “Егер басшы саған келіп алдыңа бір мәселе қойса, бірақ оны қалай шешу жолдарын айтпаса, онда ол өзің үшін проблема деген сөз. Ондай адамдардан құтылу керек. Бұл мәселе маған да, барлығымызға да қатысты. Жас, білімді адамдар бар, бірақ оларды ешқайда жібермейді” деді.