Денсаулық

2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан бюджетіне $1-ға 300 теңге бағамы бекітілді

2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан бюджетіне $1-ға 300 теңге бағамы бекітілді

562016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында теңгенің долларға бағамы бір долларға 300 теңге есебімен бекітілді деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Қазақстанның бюджеттік кодексіне сәйкес, республикалық бюджет алдымен мәжілісте, кейін сенатта қаралып, ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.

“Біз 2016-2018 жылдарға арналған бюджетті бір долларға 300 теңге есебімен жасадық”, – деді Досаев журналистерге мәжілістің сыртында.

Ұлттық банктің ресми бағамы сейсенбіде 1 долларға 308,36 теңгені құрады.