«Барыстың» бағыты айқын
«Барыстың» бағыты айқын
Астаналық хоккей клубының жеңісі
ҚХЛ кезекті турында астаналық «Барыс» өз алаңында владивостоктік «Адмиралды» қабылдап, кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Астанада өткен кездесу 4:3 есебімен жергілікті команданың пайдасына аяқталды. 5-минутта Роман Савченко есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда, 11-минутта қонақтар сапынан Артем Подшендялов таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның екінші бөлігінде «Адмирал» ойыншылары таблодағы көрсеткішке өзгеріс енгізді. Алексей Угаров кезекті шайбаның авторы атанды. 42-минутта Китон Эллерби есепті 2:2-ге жеткізді. Арада аз уақыт өтпестен қонақтар сапынан Александр Горшков Ян Лацо қорғаған қақпаның кілтін таба білді. 49- минутта Максим Худяков жүйелі басталған шабуылға керемет нүкте қойды. Матчтың аяқталуына бес минут уақыт қалғанда Константин Пушкарев «Барысты» есепте алға шығарды. Кездесудің қалған бөлігінде «Адмирал» есепті теңестіре алмады. Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын қарашаның 17-сі күні Мәскеуде жергілікті «Спартак» ұжымына қарсы өткізеді.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».