Жамбыл облысында қатты дауыл үйдің шатырын жұлып кетіп, тұрғындарды жарықсыз қалдырды
Жамбыл облысында қатты дауыл үйдің шатырын жұлып кетіп, тұрғындарды жарықсыз қалдырды
Өңірде өткен тәулікте орын алған екпіні 30 м/с-қа жеткен күшті жел үлен шығынға ұшыратты.
Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Таразда тұрғын үйдің шатырын жұлып кеткен жағдай тіркелді. «15 қаңтарда сағат 15:14-те күшті жел салдарынан (екпіні 31 м/с-қа дейін) тұрғын үйдің шатыры зақымдалды (аумағы 132 шаршы метр). Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыстың ТЖД «АҚҚ» ММ құтқарушылар тобы мен қалалық әкімдік маманы келді», делінген ведомство хабарламасында. Күшті жел (екпіні 28 м/с) Талас және Жуалы аудандарын да жарықсыз қалдырды. Есейхан ауылының 350 абоненті және Талас ауданы Қаратау қаласының 550 абоненті, сондай-ақ Жуалы ауданы Білікөл ауылының 200-ге жуық абоненті электр жарығынсыз қалды, деп нақтылады облыстың ТЖД-інен. ТКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сәйкес облыс орталығында дауыл салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Осы мәселе бойынша өтініштер саны нақтылануда. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.